Президент жерді сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдады.

«Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды» деп жазды Президент твиттер парақшасында.