Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына барды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Түркістан облысына барды.

Сапар аясында «Nur Otan» фракциясының мүшелері «Кентау трансформатор» зауытының жұмысшыларымен кездесті. Сондай-ақ 2006 жылдан бері жер кезегінде тұрған тұрғын өзінің кезектен сызылып кеткені туралы айтып, осы мәселені шешіп беруді сұрады. Зауыт басшылығы да өз ұсынысын айтты. Ол мәселені зауыт жұмысшылары да қозғады. 60 жылдық тарихы бар кәсіпорын трансформатордың 400-ден астам түрін құрастырады. Өнімнің 40 проценті экспортталады.

Сырым Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көп кәсіпкерлер бізден сұрайды несие жобасы шықса, өте аз пайызбен, 0,1% деген сияқты. Біз оны ұсынатын боламыз. Қазір біздегі ең арзан несие 4-6% беріліп жатыр өндіріске, басқаға. Арнайы оны мемлекет тарапынан субсидиялап, төмен түсіру бойынша кәсіпкерлерді көтеруіміз керек. Пандемия кезінде көп кәсіпкерлеріміз табысынан айырылды, дами алмай қалды. Қайта дамыту үшін несиелерді қарастыруға ұсыныс тастайтын боламыз.