Күзде Қазақстан және Ресей президенттері кездеседі

Осы күзде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеседі.

Көкшетау қаласында өтетін аймақтық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ақордада өткен жиында мәлім болды. Қазақстан Президенті Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездескен. Тараптар екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту мәселесін талқылады. Пандемиға қарамастан Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы соңғы 5 айда 26%-ке артқан. Екі ел алдағы уақытта машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да аса маңызды салаларда ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Одан бөлек, бірлесіп вакцина шығару жоспарда бар.