Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды.

Ал Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.