Ресей Думасының бірінші вице-спикері қазақстандықтарды егемендік мерекесімен құттықтады

Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші вице-спикері Александр Жуков қазақстандықтарды егемендік мерекесімен құттықтады.

Саясаткер құттықтау сөзінде Ресей мен еліміздің арасындағы қарым-қанынасты жоғары бағалады.

Александр Жуков, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Дума төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазақстан мен қазақстандық достарымызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстан егемендік алғалы көптеген жетістіктерге қол жеткізе алды. Бүгінде бұл жан-жақты дамыған керемет мемлекет. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас та өте жоғары деңгейде.