Президент Еуропалық кеңес төрағасымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бейбіт тұрғындарға бейберекет оқ атылмағанын және атылмайтынын айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл сарында тараған ақпараттардың бәрі жалған. Бүгін Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен кездесті. Ол өз сөзінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынас нығаятынына сенім білдірді. Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында да: «Біз агрессиялық акті мен жауыздыққа тап болдық. Конституциялық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жедел әрекетке көштік», – деді. Ол елдегі ахуалдың реттелуіне күш салатынын жеткізді.