Б.Байбек: Тұңғыш Президентіміз туралы небір пікір білдірушілер көбейді

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол бейнеконференция арқылы барлық өңірлік филиалдармен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде қойған міндеттерін орындауға қоғамдық және партиялық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде жиналыс өткізді. Партия Президент жариялаған реформаларды толық және сапалы жүзеге асыруға әлеуеті толық жететін бірден-бір қоғамдық-саяси күш екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы нақты міндеттерді орындауда бүкіл ресурстарды іске қосқанын жеткізді. Мәслихаттардағы депутаттар жер-жерде халықпен тікелей кездесіп, түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысып жатқанын айтты. Бауыржан Байбек Тұңғыш Президент жайлы да сөз етті.

Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазір Тұңғыш Президентіміз туралы небір пікір білдірушілер көбейді. Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді. Бірақ ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өзіне байланысты. Айналып келгенде анығын бір Құдай біледі. Ең қиын кезеңде, біз мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба деген сонай алмағайып 90-жылдары Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты.