Мәжіліс «Елбасы туралы» заңға түзетулер енгізді

Мәжіліс Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін алып тастау туралы түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Хабар 24.

Депутаттар бұл мәселені саяси партиялар туралы құжатты талқылау кезінде қарады. Барлық қажетті түзетулер енгізілген Тұңғыш Президент-Елбасы туралы конституциялық заң жобасы Сенатқа жолданды.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Нақтылау туралы бұл түзетулерді заңнамалық жұмыс жөніндегі комитет енгізіп отыр. Бұл Президенттің шешіміне сәйкес жасалып отырған өзгеріс. Яғни Қауіпсіздік кеңесінің және Қазақстан халқы ассамбелясының төрағасы да енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екендігі туралы шешім заңнамалық тұрғыда жүзеге асырылды.