Көш соңында қалған әкімдерге шара қолданылады – Үкімет басшысы

Бұл туралы инвестициялық штаб отырысында айтылды. Онда инвестициялар тарту бойынша былтырғы нысаналы индикаторлардың орындалу қорытындысы және биылға арналған жоспарлар қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 трлн теңге, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3%-ға артық. Республика бойынша негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша жылдық жоспар 94%-ке орындалды. Көрсеткіштер Шымкент қаласында, Ақтөбе және Қостанай облыстарында, асыра орындалды. Ең төменгісі Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша экономикаға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 49%-ке артып, 18,7 млрд  долларға жеткен. Жиында көш соңында қалған әкімдер мен олардың орынбасарларына шара қолданылатыны ескертіліп, жауапкершілік жүктелді.