ҚР СІМ Украина аумағына қатысты Қазақстанның ресми ұстанымын айтты

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинаға қатысты Қазақстанның ресми ұстанымын айтты. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің мәлімдеуінше, Қазақстан алдында Луганск пен Донецкіні дербес ел ретінде мойындау сұрағы тұрған жоқ.

Сондай-ақ Қазақстан әскер жіберу мәселесін қарастырмайды және халықаралық құқық және БҰҰ ұстанымын негізге алады.