Тоқаевпен келіскеніме қуаныштымын – Ердоған

Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Президент Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинетінде өткен отырысында Мемлекет басшысының Анкараға жасаған мемлекеттік сапарына айырықша тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Орталық Азияның қуатты әрі ірі мемлекеті Қазақстанның әлеуетін қалай жүзеге асыруға болатынын құрметті бауырым Тоқаевпен кеңінен талқыладық. Келіскенімізге қуаныштымын.

Бұдан бөлек, президент Ердоған лаңкестік қауіптерге қарсы тұру аясында елдің оңтүстік шекарасында 30 шақырым тереңдікте қауіпсіздік аймағын құратынын айтты. Сөзінше, барлау және қауіпсіздік күштері тиісті дайындық жұмыстарын аяқтаған бойда операция басталады. Түркия президенті, Грекия премьер-министрі Кири-Акос МицотАкиспен сөйлесуді тоқтатып, қос үкімет арасында маңызды кездесудің болмайтынын мәлімдеді. Бұған грек үкімет басшысының АҚШ сенатындағы «Түркияға F-16» ұшағын бермеу жайлы ұсынысы түрткі болды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Биыл екі ел арасында стратегиялық кеңес отырысын өткізетін едік. Бұдан кейін мен үшін Мицотакис жоқ. Бұдан кейін онымен мұндай келіссөздерге жүргізбеймін. Өйткені біз адал, сөзінде тұратын намысты саясаткерлермен бірге жолға шығамыз. Мицотакис өзі ойлансын. Кіммен кездессе де, кіммен қандай және қай жерде база құрғысы келсе, құрсын. Біз өзіміздің қажеттілігімізді қамтамасыз етеміз. «F-16» келетін болсақ, Америка Мицотакистің сөзіне қарап шешім қабылдамайтын шығар.