М. Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Луды қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және нығайту перспективаларын талқылады. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен әңгіме барысында екіжақты һәм көпжақты ынтымақтастық қозғалды. Жаһандық және өңірлік күн тәртібінің ауқымды мәселелері сөз болды. Дональд Лу азаматтық қоғамның дамуы мен

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы атап өтіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға АҚШ әкімшілігі қолдау білдіретінін жеткізді.