Ұлытау облысы Парламент Сенатының сайлауына дайын
Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сай қазір дайындық жұмыстарының соңғы сатылары жүзеге асырылып жатыр.
Саяси науқан өтетін Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрында ақпараттық тақталар қойылып, жасырын дауыс беру кабиналары жабдықталды. Сенат депутаттығына өңірден тіркелген 3 кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. 13 қаңтар – тыныштық күні.