«АрселорМиттал» компаниясына аудит жүргізіледі
Үкімет пен "АрселорМиттал" арасында жасалған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізбек.
Бұл үшін тәуелсіз халықаралық кеңесшілер шақырылды. ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоял және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның бас директоры Биджу Наирмен кездесуінде Әлихан Смайылов осылай деді. Премьер-Министр кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін де атап өтті. Ал Виджай Гоял өз кезегінде тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.