Президент Ақтөбе облысының әкімін қабылдады
Ақтөбе облысында 3 айдың ішінде жалпы құны 3 триллион теңгеден асатын 12 меморандумға қол қойылды. Бұған инвестициялық форумдардың нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Бұл жөнінде аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Президентке есеп беру кезінде айтты.
Қазір өңірде экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары жанданды. Сондай-ақ әкім мемлекет басшысына 315 елді мекенді кешенді түрде дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Осы бағытта аймақта жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасына биыл қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінген. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір инфрақұрылымын дамыту және облыс тұрғындарын алаңдататын әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
- Біріншіден, Ақтөбе облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты сұрақтар көтерілді. Екіншіден, Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей нақты тапсырмаларына байланысты есеп беріп шығып отырмыз. Бүгінде Ақтөбе облысындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер толықтай орындалды. Келесі жылға инвестиция тарту 3 триллион деңгейінде қол қойылған болатын. Негізгі үлкен сұрақтардың бірі – Ақтөбе облысындағы жолдың мәселесі, соны нақты шешуге байланысты көптеген сұрақтар. Сонымен қатар, әлеуметтік үлкен мәселелерді шешу жолдары туралы нақты есеп берілді.