Ертең «Тыныштық күні»

13 қаңтар сағат түнгі 12:00-де Сенат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жұмыстары аяқталады. Бұл жайында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы бейнебайланыс режимінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының дауыс беру күніне дайындық туралы есебін тыңдады. Сайлау бюллетеньдеріне жалпы 55 кандидат енгізілді. Республика бойынша таңдаушылар тізімінде 3168 мәслихат депутаты бар.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Осылайша, Сенат депутаттарының әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес дауыс беру күнін ұйымдастыруға және өткізуге байланысты барлық сайлау алдындағы іс-шаралар қабылданды. Сайлау туралы Конституциялық заңның бабына сәйкес Сенат депутаттарын сайлау үшін дауыс беру 1 күнде өткізіледі. Дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.