Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерден тәркіленген қаражат көлемі 120 миллиард теңгеге жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді бұл ақша мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Бұл жөнінде Президентке Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндады. Мемлекет басшысына бюджет және салық, «Ұлттық қор – балаларға» жобасының жұмыс механизмдері, заңсыз иеленген және елден шығарылған активтерді мемлекетке қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заңның жүзеге асырылу барысы да айтылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, салықтық және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруге бағытталған тапсырмалар жүктеді.
