Қандастар үшін бір терезе қағидаты енгізіледі
Шет елдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың құқығын қорғау да маңызды. Өкінішке қарай, бұл бағытта Біріккен Араб Әмірліктері және Оңтүстік Кореямен келісім жасау мүмкін болмай тұр. Сондықтан Сыртқы істер министрлігімен бірлесе шұғыл шаралар қабылдау керек. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында осындай тапсырма жүктеді.
Бүгінде елде алдағы 5 жылға арналған Көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданған. Бұл ретте тарихи Отанына көшуге ниет білдірген этникалық қазақтар үшін «бір терезе» қағидаты енгізіледі.
Ильяс Еспанов, ҚР ЕХӘҚМ көші-қон комитетінің төрағасы:
- Шетелде тұратын қандастар елге көшіп келер алдында шетелдегі елшіліктерге жүгіну арқылы Қазақстанда қабылдайтын өңірлерді анықтайды. Сол өңірлерде қандай жұмыс бар, қандай бейімдеу тәсілдері бар және балаларын оқуға және үй мәселесін шешу, сұрақтарын елге келмей тұрып, ұсыныс арқылы ЖАО бірге талқылайды. Шешімін тапқаннан кейін ол азаматтарға қандас статусы беріледі. Бұл статус елге келген кезде күшіне енеді.