Ақмола облысында да саяси науқан қыза түсті. LIVE
Облыстық және аудандық мәслихаттың 233 депутаты өз таңдауын жасап жатыр. Өңірден Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелген.
Абзал Балтабаев, тілші:
- Саяси науқанның басталғанына, міне, тура бір сағат өтті. Дауыс беруші депутаттардың белсенділігі жоғары. Алғашында Сенат депутаттығына үміткер 5 адам тіркелген. Бірақ уақыт өте олардың екеуі өз еркімен сайлауға қатысысудан бас тартты. Қазіргі таңда 3 үміткер бар. Олардың қатарында облыстық мәслихаттың хатшысы, мәдениет басқармасы мен оқушылар сарайының директоры бар. Барлық кандидаттардың заң талаптарына сәйкес келетіндігі тексерілді. Жалпы сайлаудың барысы жайлы біз осыған дейін облыстық сайлау комиссиясының төрағасымен сұхбаттасқан болатынбыз. Сол сұхбатты тыңдайық.
Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Ақмола облысы сайлау комиссиясы сағат 10:00-де ашылды. Таңдаушылар, БАҚ өкілдері, байқаушылар және де мына біздің кандидаттардың сенімді адамдары қатысты. Сайлау комиссиясының 7 мүшесінің бәрі қатысты. Таңдаушылардың саны – 233.
Айталық, сайлаушылардың дауысы бүгін саналып, бірден орталық сайлау комиссиясына жібереледі. Сондай-ақ саяси науқанның әділ өтуін қадағалайтын арнайы бақылаушылар да жұмылдырылған.