Сенат депутаттарын сайлау барысында заң бұзушылық болған жоқ – ОСК
Сенат депутаттарын сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық болған жоқ.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай деді. Яғни, бұл саяси доданың әділ өткендігін білдіреді. Айта кетейік Парламент Сенаты депуттаттарының кезекті сайлауында әрбір өңірден 20 сенатор сайланды. Орта есеппен 1 орынға 6 адамнан аса үміткерден келді. Осылайша республика бойынша 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түсті. Ал, сайлау процесіне 235 байқаушы қатысып, саяси науқан барысын бақылады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:
- Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңның 44 бабына сәйкес, Парламент депутаттарың сайлау қорытындылары туралы хабарды, орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей БАҚ-да жариялайды. Бұл заңның талабы. Қабылданған қаулылардың негізінде орталық сайлау комиссиясының аппараты 2023 жылғы 14 қаңтарда өткен ҚР Парламент сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды БАҚ-да сайлау туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен жариялауды тапсырамын.