Қ.Тоқаев «Abu Dhabi Ports Group» компаниясының бас директорымен кездесті
Мемлекет басшысы «Abu Dhabi Ports Group» компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Шамисимен кездесті.
Тараптар көлік және логистика саласындағы инвестициялық жобаларды талқылады. Компания Ақтауда Каспий теңізіндегі теңіз және порт инфрақұрылымын дамытуға ниетті. Түрлі теңіз қызметі мен шешімдер ұсынуды көздеп отыр. Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі көлік хабына айналуға ниетті екенін және көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.