«Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті
Қонаев қаласында «Аманат» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Басқосуда партия атынан облыстық мәслихатқа үміткерлер тізімі ұсынылып, бекітілді. Айта кетейік өңірдегі аудандық мәслихаттарда 190, облыстық мәслихатта 38 орын бар. Облыстық мәслихатқа үміткерлердің 50 пайызы партия, 50 пайызы мажоритарлық тізім бойынша бір мандатпен өз сайлау учаскесі арқылы өтеді. Конференцияда партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді. Онда игерусіз қалған жерлерді мемлекетке қайтару, аудандардағы инженерлік желілердің тозуы мен мектеп тапшылығы сынды бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілген.
Қуат Байқожаев, "Аmanat" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы:
- Елді толғандыратын көкейтесті мәселердің бәрін, билік пен халықтың арасында көпір ретінде толық араласып, соның бюджеттен қаралып жатқан, істеліп жатқан жұмыстардың сапалы орындалуына біз ерекше көңіл бөлеміз.