Қазақстан мен Франция қылмыстық істерді бірігіп тергейді
Сенаттың жалпы отырысында осы 2 ел арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Заң мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, бұл құжат тараптарға бірқатар құқықтық міндетті жүктейді. Шарт күшіне енген соң қос ел бір-біріне жолдаған сұрауларды орындауға міндетті болады. Бас тартса, онда жазбаша түрде нақты жауап беруге тиіс. Бүгінде Қазақстан қылмыстық құқықтық салада 34 мемлекетпен 72 екіжақты келісім жасаған. Оның ішінде Еуропадағы 16 елмен 35 шарт бар. Жасырын жүрген адамды ұстап беру туралы 21 шарт бекітілді. Сотталған адамдарды беру туралы келісім 22 елмен жасалды.
Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Өзбекстанмен арадағы келісім – осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың жалғасы. Бұл келісім – Қазақстан мен Өзбекстанның бір-біріне деген сенімінің белгісі, аталған құжатқа қол қою үшін бірнеше жыл келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде 2 тарап ортақ келісімге қол жеткізді. Қазіргі күнде Қазақстанның бас бостандығынан айыру мекелемелерінде 486 Өзбекстан азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұл Қазақстанда осындай жазаға тартылған шетел азаматтардың жартысын құрайды. Ал Өзбекстанда болса, 20 Қазақстан азаматы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр.