Азаматтардың 30,65%-і бюллетень алды. LIVE
Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 30%-тен астамы бюллетень алды. Мұны Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Сонымен қай өңірлер белсенді?
Қорған Қонысбайұлы, тілші:
- Осыдан 2 сағат бұрын ең белсенді өңірлер Жамбыл, Павлодар, Ұлытау болса, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Түркістан облысы көш басына шықты. Киелі өңірде жұрттың 38,29%-і дауыс берген. Одан соң 37,39%-пен Қостанай облысы тұр. Ал алғашқы үштікті Жамбыл облысы түйіндейді. Әулиеата өңірінде азаматтардың 35,82%-і өз таңдауын жасаған.
Белсенділік 3 ірі қалада төмен. Мәселен, Астанада 23%-тен сәл асса, Шымкентте 19%-тің шамасында. Ал Алматыда азаматтардың әзірге 11%-і ғана дауыс берген.