Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығы жұмысын бастады

Сайлау учаскелерінің ашылу барысында заң бұзушылықтар болған жоқ және дауыс беру күнінің ерекшелігі – жастардың белсенділігі байқалады. Бұл – еліміздегі халықаралық байқаушылардың пікірі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий отандық және халықаралық тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Дмитрий Кобицкий миссия өкілдері ұзақ мерзімді бақылау кезеңінен бастап, Қазақстандағы электоралды процесті реттейтін заңнаманы зерттегенін айтты.

ТМД елдері парламенттерінің депутаттарынан құрылған 61 халықаралық байқаушы бүгін еліміздің бірқтар өңіріндегі сайлау учаскелерінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Дмитрий Кобицкий, ТМД ПА Кеңесі хатшылығының басшысы:

- Біз Қазақстанмен қатар тағы бірқатар елде бақылау жүргізудеміз. Оның қатарында Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына кіретін елдер мен Қытай, Корея, Франция, Бельгия секілді шет мемлекеттер бар. Бүгін біздің мониторингтік топтар барынша көп сайлау учаскелерін аралап үлгереді деген үміттеміз. Ертең Орталық сайлау комиссиясы алдын ала қорытындыны жариялаған соң біз де ТМД миссиясы атынан өзіміздің байқау жөніндегі нәтижелерімізді айтамыз.