СҚО халқы сайлауда белсенділік танытты. LIVE
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да саяси науқанда асқан белсенділік танытуда.
Тіпті учаскеге отбасымен барғандар да көп. Мәселен Бәйтерек ауылында тұратын Құдайбергеновтар әулетінен 30-дан астам адам өз таңдауын жасады.
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Міне сайлаудың аяқталуына да бір сағаттай ғана уақыт қалды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары оған белсенді түрде қатысып жатыр деуге толықтай негіз бар. Әсіресе ауылды жерлерде мерекелік көңіл –күй сезіледі. Нақтырақ айтатын болсақ Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек елді -мекенінде таңмен таласа тұрып таңдау жасауға келген тұрғындарға тегін ас үлестірілді. Дәл осы ауылда Өзбекстаннан қоныс аударған Құдайбергеновтар әулетінен 30-дан астам адам дауыс берді. Яғни үйдің үлкені учаскеге балаларын, немерелерін тіпті шөберелерін де ала келген. Ал қала іргесіндегі Бескөл ауылында аға буын өкілдерден құралған ансамбль келушілерге жанды дауыста ән шырқап, концерт ұйымдастырды. Артынша әжелеріміз бауырсақтан дәм татқызды. Бастысы, ел үшін маңызды күнде барлығының көңіл күйі керемет.
Үсен Құдайбергенов, Бәйтерек ауылының тұрғыны:
- 2011-де, ол кезде боранда көшіп келдік. Құдайға шүкір үйрендік осында. Бәрі де жақсы, жағдайымыз. Бәріміз дауыс беруге келдік. Бала –шағамызбен, ағайын-туысқанмен, бауырлармен. бәрі. Сайлаудан жақсылық күтеміз. мына халықтың сөзін сөйлесе, халық жағында болса. Басқа ойлайтынымыз жоқ. Қалғаны өзіміздікі өзімізге жетеді.
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Саяси науқан облыс орталығы да асқан ұйымшылдықпен өтуде. Өңірде барлығы 631 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 97-і Петропавл қаласында. 384 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Жалпы саяси науқанның таза өтуін 7 ұйымның атынан байқаушылар қадағалауда. Солардың бірі қазір біздің жанымызда тұр. Әнуар, сайлау кезінде қандай да заң бұзушылықтар тіркелді ме?
Әнуар Тоқпанов, байқаушы:
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Сөз соңында айта кетейін, жалпы Солтүстік Қазақстан облысынан ҚР Парламенті мәжілісіне 10, ал түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 500-ден астам үміткер қатысуға ниет білдірген.