Жетісу облысындағы сайлаушылар белсенділігі. LIVE
Жетісу облысында 445 мыңнан аса сайлаушы бар.
Олардың неше проценті дауыс беріп үлгірді?
- Жаңадан құрылған аймақтағы тұрғындардың белсенділігі қалай?
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Сайлау комиссиясындағылардың есебі бойынша Жетісу облысындағы сайлаушыларың проценті дауыс берген. Олар үшін өңірде 458 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың дені түске дейін келді. Арасында түйешілер, көкпаршылар және соғыс ардагері, зиялы қауым өкілдері де болды. Жергілікті өнерпаздар оларға күмбірлетіп күй шертіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұндай шаралар Әз-Наурыз мерекесі алдындағы саяси науқанның сәнін келтіргендей болды. Ал қазір келушілер саны саябырлады. Оны Талдықорғандағы біз тұрған нөмірі 395 ші сайлау учаскесінен көруге болады. Міне дауыс беріп жатқан бірді-екілі адамнан басқа ешкім жоқ. Жалпы өңірдегі сайлау барысын арнайы байқаушылар бақылап жүр. Ол туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы айтып береді.
Тимур Дәуітов, Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлауды кандидаттардың 4738 сенімді өкілі байқап жатыр. Оның ішінде мәжіліс депутаттығына кандидаттардан 2905 сенімді өкілі, мәслихат депутаттығына кандидаттардың 1813 сенімді өкілі сонымен қатар акредиттелген қоғамдық бірлестіктер және 12 халықаралық байқаушылар байқау жүргізуде.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жетісу облысынан мәжіліс депутаты болуға 13 үміткер бақ сынады. Ал 402 адам аудан-қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген. Аймақтағы әскери бөлімдер мен денсаулық сақтау нысандары, жабық мекемелерде дауыс беру аяқталды. Қалған сайлау учаскелері сегізде жабылады.