Respublica партиясы сайлауда үшінші болды
Exit poll нәтижесі бойынша Respublica партиясы 8,33-дан 9 процентке дейін дауыс жинады.
Сөйтіп, алдын ала қорытынды бойынша Республикалықтар үшінші орынға табан тіреді. Бұл көрсеткішке партия өкілдерінің бәрі бірге куә болды. Өңірдегі штабтармен онлайн байланысып, телекөпір ұйымдастырды. Партия жетекшілері барша жақтастарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта қызу жұмысқа кірісетіндерін айтты.
Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:
- Әрине біздің талабымыз кем дегенде екінші орын болды. Бірақ былай қарасақ біздің тіркелгенімізге екі-ақ ай. 18 қаңтарда біздің партия тіркелді, бүгін 19 наурыз. Екі ай бір күннің ішінде осындай жетістікке келгеніміз жақсы көрсеткіш. Біріншіден, бүкіл біздің жақтастарымызға үлкен рақмет. Мың алғыс. Біздің шынайы жұмыс 20 наурыздан басталады.