ШЫҰ өкілдері Қазақстанда өткен сайлауға бағасын берді
Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілдері Қазақстандағы сайлау ашық әрі әділ өтті деп бағалады.
Ұйым байқаушылары еліміздің саяси жүйені демократияландыру жолында елеулі қадам жасап жатқанын атап өтті.
Григорий Логвинов, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары:
- Біздің миссия сайлау мемлекеттің заңнама талаптарына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткенін жариялайды. Бұл сайлау демократия қағидасына сай өтті. Сайлаудың заңдылығына күмән келтіретіндей заңбұзушылықтар болған жоқ.
АҚШ-тан келген байқаушы, доктор Камран Бохари сайлаушылардың дауыс беруіне ешкім кедергі келтірмегенін айтады. Әрі елдегі саяси өзгерістердің оң нәтиже бере бастағанын атады.
Камран Бохари, халықаралық байқаушы //АҚШ//:
- Дауыс беруге келгендерге ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Бәрі ашық түрде жүргізілді. Сайлауда алғаш рет қатысып жатқан жаңа партияларға мүмкіндік жасалды. Жалпы, Қазақстан қазіргі күрделі геосаяси кезеңде өзінің бастамаларын сәтті жүзеге асырып жатқан ел екенін айтуымыз керек.