Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады

Каскадерлер аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, садақ ату сияқты ұлттық ойын түрлері мен  көшпенділердің әскери шеруін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Мемлекет басшысына 2020 жылы каскадерлердің әлемдік деңгейде танылып, жеткен жетістіктері жайлы айтты. Мемлекет басшысы Жайдарбек Күнғожиновке ер-тоқым сыйлады.