Германия сарапшылары Қазақстанда өткен Парламенттік сайлау туралы ой бөлісті
Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігін басқарған Томас Хельм тиісті 5 проценттік өту шегін еңсере білген 6 партия Парламентте пікір алуандығын тудыруға сеп болады дейді. Ал Федералдық саясат және сыртқы сауда одағының басшысы Андреас Ян сайлаушылар өздерінің мүдделерін білдіретін партияны таңдауға мүмкіндік алды дегенді айтады.
Томас Хельм, К. Аденауэр атындағы қор өкілдігінің басшысы (2015-2020 жж.):
- Сайлау қорытындысы бойынша Парламентке 6 партия кірді. Менің ойымша, Қазақстан осылайша алға тағы бір қадам жасады. Тосқауылдың 5 %-ке дейін төмендегені өте жақсы. Осының нәтижесінде бұрын басым бола алмаған партиялар жаңа Парламентке өтті. Сайлау нәтижелерін шын мәнінде Қазақстанды демократияландыруға қосқан үлесі деп атауға болады. Жаңа Парламентте саяси әртүрлілік, пікірлердің плюрализмі ұсынылады, мен мұны жақсы жаңалық деп санаймын.
Андреас Ян, Федералдық саясат және сыртқы сауда одағының басшысы:
- Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы стратегиялық сенімді серіктесі. Сондықтан сіздің еліңізде жүргізіліп жатқан реформалар неміс саясаткерлері мен кәсіпкерлерінің назарында деп айтуға болады. Менің ойымша, партиялар үшін өту кедергісін 5%-кн дейін төмендету дұрыс шешім болды. Енді Парламентке 6 партия өтті. Саяси әртүрлілік демократиялық процесті құру үшін өте маңызды және бұл халықтың ерік-жігерін көрсетеді. Мен Қазақстанға одан әрі қарқынды дамуын тілеймін.