Астанада Гейдар Әлиев атындағы көше ашылды
Қос ел басшысы Астананың орталығындағы Гейдар Әлиев атындағы көшені салтанатты түрде ашты.
Шара барысында Президент былтыр Әзербайжанға ресми сапары барысында Ильхам Әлиевпен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде, келісімге келгенін еске салды. Бұл ең алдымен екі елдің достық қарым-қатынасын бекемдей түсті деді. Орайы келгенде Гейдар Әлиевтің күрделі кезеңде ел билігін қолға алып, Әзербайжанның мемлекеттілігін нығайтуда, зор роль атқарғанын да атап өтті. Ал Ильхам Әлиев ресми сапары аясында керемет тарихи сәтке куә болғанына қуанышты екенін жеткізді. Салтанатты рәсімнен кейін мәртебелі мейман елордадағы Ботаникалық баққа ағаш отырғызды.