Қазақстан мен Ресей сенаторлары есірткі айналымына тосқауыл қою мәселесін талқылады
Қазақстан мен Ресей сенаторлары шекара, транс-шекаралық өзендер және есірткі айналымына тосқауыл қою мәселесін талқылады.
Жоғарғы палата өкілдері екі елге тиесілі өзендердің экожүйелерін сақтап, тыйым салынған препараттардың заңсыз айналымын тежеуге уағдаласты. Федерация Кеңесінің Төрайымы Вален-тина Матвиенко екі мемлекеттің өзара іс-қимылының жоғары деңгейіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар кездесуде заманауи қалаларды дамыту мәселесі сөз болды. Отырыста Палата басшылары Ынтымақтастықты дамыту жөніндегі "Жол картасына" қол қойды. Құжат алдағы 3 жылға есептелген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас табысты және тиімді екіжақты өзара іс-қимылдың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Екі елдің ынтымақтастығы берік достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи байланыстарға, мемлекеттеріміздің тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына құрметпен қарауға негізделген.
Валентина Матвиенко, РФ Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы:
- Ресей мен Қазақстан – шын мәнінде тең құқылы одақтас мемлекеттер. Бізді көп нәрсе байланыстырады. Біз Қазақстанның даму барысына үнемі назар аударып отырамыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және экономикалық реформалар жоғары құрметке лайық.