Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрамын кеңейтуге асықпайды
«Шанхай ынтымақтастық ұйымын кеңейту – бұл бірлестіктің мақсаты емес, ол заманауи процесс».
Ұйымның Бас хатшысы Чжан Мин осылай деп мәлімдеді. Кездесуде Біріккен Араб Әмірліктері, Мьянма, Кувейт және Мальдив аралдары «диалог бойынша серіктес» мәртебесін алды. Сонымен қатар Бахрейнге қатысты бірқатар жұмыс аяқталды. Осылайша ұйымға енді 8 мемлекет мүше, 4 бақылаушы және 14 диалог серіктес кіреді.
Еске салайық, мамыр айының басында Үндістанда ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері арасында кезекті отырыс өтті. Оның негізгі міндеті саммитке дайындық.
Чжан Мин, ШЫҰ Бас хатшысы:
- ШЫҰ-ның кеңеюі, менің ойымша, оның құндылықтары мен негізгі принциптері өте танымал екеніне дәлел. Біз аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қорғаймыз, ал бұл қарқынды экономикалық өсу үшін қолайлы жағдай жасайды. Тағы да қайталап айтам ШЫҰ кеңейту біздің мақсат емес.