Әзербайжанда Түрік елдерінің мәдениет министрлері кездесті
Әзербайжанда ТҮРКСОЙ ұйымына қатысушы елдердің Мәдениет министрлерінің кездесуі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиынға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты.
Биыл ұйымның құрылғанына 30 жыл толады және мерейтойлық іс-шаралар Қазақстаннан басталады. Алматыда осы айтулы күнге орай гала-концерт өткізу мәселесі пысықталып жатыр.
Бұдан бөлек, ТҮРКСОЙ аясында 2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды. Соған байланысты бірнеше іс-шара ұйымдастырылады. Әзербайжанға сапары кезінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бірнеше ұйым жетекшілерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Бүгін түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері келіп, бірқатар шараларға қатысып, үлкен жобаларды іске асырып жатыр. Бұл, әрине, өте қуанышты нәрсе деп айтуға болады. Және қосып кететін дүние, өзіміздің қуантатын нәрсе осы ТҮРКСОЙ биыл Т. Жүргенов жылы болып атылып шықты. Ол да қазақ жұртын өте қуантады. Бүгін шығаршылық кеште барша түркітілдес мемлекеттердің өкілдері ән айтты, би биледі. Ол да бір мәдени тұрғыдағы бір біріктіретін дүниенің бірі деп есептеуге болады. Сондықтан да осы жылы сапалы деңгейде бүкіл шараларды ұйымдастырып, келесі жылға нақты қадам басамыз деген ниетіміз бар.