Қ. Тоқаев: Былтырғы алапат өрттен сабақ алмадық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртінің өршіп кетуіне себеп болған негізгі қателіктерді атады.

Президент: «Былтырғы оқиғадан қорытынды шығарылмады, алдын алу жұмыстары атқарылмады. Оның үстіне құзырлы органдардың дайындық деңгейі төмен», - деді. Осының кесірінен қайғылы жағдай қайталанып отыр. Сол себепті бас прокуратураға қозғалған қылмыстық іс аясында уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың іс-әрекетіне нақты баға беру тапсырылды.

Екіншіден, орман және дала өртін ерте анықтап, алдын алу жұмыстары жолға қойылмаған. Мұндай қайғылы оқиғаларды болдыртпас үшін енді өрт ошақтарын ерте анықтаудың цифрлық жүйелерін, бейнебақылау және мониторинг жүйелерін енгізу керек, - деді. Орман алқабын әуеден бақылау үшін «ұшқышсыз ұшатын аппараттарды» да қолдану қажет. Мамандарды техникалармен жарақтандыру тапсырылды.

Үшіншіден, орталық және жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайларға дайындығы – 70%. Үкіметке дайындық көрсеткіштерін төтенше жағдайларға тиісті дәрежеде төтеп беретін деңгейге жеткізу жүктелді. Сонымен қатар еріктілер отрядтарын құрып, оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылды.