Президент құтқарушылар мен еріктілерге алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар және еріктілермен кездесіп, оларға алғыс айтты.
Сосын мұндай кезде өртті ауыздықтай білуіміз керек, - деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Баршаңызға алғыс айтамын. Еріктілер, сіздерге де ризамын. Жарайсыздар. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды. Үлкен апат болды. 14 адам қаза тапты. Жаңа ғана азаматтармен кездестім. Өте ауыр жағдай. Сондықтан осындай қасіретті апат кезінде бәріміз бір халық, бір ұлт болып бірге жұмыс істеуіміз керек. Жаңа ғана кеңес өтті. Ұйымдастыру шараларын талқыладық. Ең бастысы, біз осы төтенше жағдайды, әсіресе өртті адам шығынына жол бермей, уақытылы, тез ауыздықтай білуіміз керек. Аман болыңыздар!