Түркі мемлекеттері ұйымының штаб-пәтеріндегі тулар төмен түсірілді

Ыстамбұлдағы Түркі мемлекеттері ұйымының штаб-пәтеріндегі тулар төмен түсірілді. 

Ұйымға мүше мемлекеттер “Семей орманы” өрті кезінде опат болғандарды Аза тұту күніне орай Қазақстан халқының қайғысына ортақтасты. Анкарадағы Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ғимаратында да бауырлас жұрттың байрақтары одан бөлек еліміздің Әзербайжандағы өкілетті және төтенше жағдайлар елшілігінде де мемлекеттік туымыз төмен түсірілді.