Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық құрылымдардың өкілдерінен жалпыұлттық аза тұту күніне орай көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф өрт салдарынан адамдардың опат болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген. Сондай-ақ Қазақстан халқына алапат орман өртіне байланысты өздерінің қолдауын және жылы лебізін білдірді. Көңіл айту жеделхаттары әлі де келіп жатыр.