Кореялықтар Қазақстан халқына көңіл айтты
Бүгін Сеулдегі Қазақстан елшілігінде көк байрақ төмен түсірілді.
Жұрт келіп көңіл айту кітабына жазба қалдырып жатыр. Кореяда жұмыс істейтін дипломаттар қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Қазақстан-корей білім беру қауымдастығының өкілдері гүл шоқтарын қойды. Қазақстанның бірнеше өңірімен ынтымақтастық орнатқан Солтүстік Чолла провинциясының мемлекеттік қызметкерлері көңіл айтып, бейне үндеу жолдады.
Ким Дэ Сик, Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшісі:
- Абай ауданындағы өрттен құрбан болғандардың бар екенін естідім. Ең алдымен, марқұмдардың туған туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Біз қазақстандықтармен біргеміз. Корейлер Қазақстанның мәңгілік және адал досы. Бекем болыңыздар!