Елімізде 5 министрлік құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде 5 министрлік құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылғаны белгілі болды.