Президент отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетін бағамдады
Қазақстандық кәсіпорындар жасаған қару-жарақ, әскери техникамыз қандай? Оны ұрыс кезінде қалай жөндеуге болады?
Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиыны барысында Қасым-Жомарт Тоқаев осыны көрді. Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетін бағамдады. Ұрыста зақымданған техниканы қайта қалпына келтіру барысын көрсеткен, Орталық Азия аймағындағы әскери техникаларды жөндеуге мамандандырылған жалғыз зауыт – «Семей инжиниринг». Сондай-ақ түркиялық «Оtakar» компаниясы шығаратын ARMA бронды машинасының да судағы кедергілерден өту мүмкіндіктері таныстырылды. Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттыру маңызды екенін атап өтті.