Қазақстанға Албания Президенті келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйек аралығында Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Басқосуда екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.