Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығы талқыланды

Ақорда

Финляндиямен саяси, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайу үшін зор әлеует бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Финляндия президенті Саули Ниинистёмен келіссөз жүргізді. Кездесуде Мемлекет басшысы Финляндияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі және инвестиция көлемі бойынша алдыңғы орында екенін атап өтті. Өз кезегінде Саули Ниинистё Қазақстан Финляндияның аса маңызды серіктесі және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша өзара тиімді ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Тараптар халықаралық саясаттың өзекті мәселелері, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау жөнінде де пікір алысты. Мемлекет басшысы Финляндия Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды.