Қазақстан Африкадағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі
Мұны Того Президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесу кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланысты нығайтуға бейілді екенін растады. Сосын президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету жайын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.