Жазушы Зира Наурызбай Германиядағы мерекелік кештің бас қонағы болды
Қазақстанның Республика күніне орай Германияда әдеби кеш өтті.
Майндағы Франкфурт қаласындағы бұл жиынға отандық баспагерлер, жазушылар мен студенттер қатысты.
Әлемнің әр түкпірінен келген баспагерлер Франкфуртта бас қосты. Еліміздің Бас консулдығы ұйымдастырған әдеби кешке отандық ірі баспа үйлерінің өкілдері мен Германияда білім алып жатқан қазақ студенттері қатысты. Жиын барысында қонақтарға Қазақстанның ұлы тұлғалары мен мәдениеті туралы кітаптар сериясы, электрондық оқулық платформасы таныстырылды.
Әнел Баталова, "Алматыкітап баспасы" цифрлық орталығындағы арт-медиа студиясының жетекшісі:
- "Top IQ" бұл электронды оқулықтар платформасы. Оның ерекшелігі сол, азаматтарға кітаптан бөлек анимация да ұсынылады. Зертханалық жұмыстар мен интерактивті тапсырмалар да бар. Оқушылар үй тапсырмасын орындап, тапсыра алады.
Әдеби кештің басты қонағы белгілі жазушы Зира Наурызбай болды. Қазақ мәдениеті мен мифологиясы туралы кітаптардың авторы Лилия Калауспен бірге "Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары" кітабын жазған. Ол Германияда оқитын қазақ студенттерімен тілдесіп, болашақ жоспарымен бөлісті.
Зира Наурызбай, жазушы:
- Біз мынау Амазон паблиш американың баспада біздің балаларға арналған кітабіміз шықты «Бату мен достарының бастан кешкенде». Сол кітап енді Америкада шықты Амазон com-да. Жазбойы рейтинг Азиядан шыққан кітаптар Азия, жайында жазылған рейтингтердің басында тұрды. Әзірге бір ғана кітап шықты, екінші үшінші кітаптың жайын талқылаймыз.
Алмас Каршалов, қаржыгер:
- Зира Наурызбай шығармалары өте қызық, ерекше. Қазақстанның, Орталық Азияның жалпы түркілер тарихын кеңінен насихаттап жүр. Еуропада, Германияда тұратын отандастарымыздың Қазақстан тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндігі барына өте қуаныштымын.
Франкфурт жәрмеңкесінде отандық баспа өкілдері шетелдік әріптестерімен жемісті келіссөздер жүргізуден үмітті.
Сымбат Молдатай