Макрон Астанаға келеді
Ертең елге Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен келеді.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелерді талқыланады. Сенат депутаты Әлішер Сатыбалдиевтің айтуынша, биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 20 пайызға өсті. Ал ертең болатын келіссөздер бизнестегі байланысты одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Әлішер Сатыбалдиев, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
- Бұл сапардың да экономикамызға өте үлкен серпін береді деп сенемін. Өйткені сапардың кезінде қол қойылған мәселелер екі мемлекеттің кәсіпкерлері бір-бірін танып, өз өнімдерін таныстырып, қызмет түрлерін көрсетіп, Соның арқасында байланыстар алдыға қойылады. Одан кейін жұмыс орындары ашылады, мекемелердің құрылуы және инвестиция тарту мәселесі.
Жанна Асанова, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
- Екі ел арасында мәдени-гуманитарлық және өзара диалог бағытында ынтымақтастық артып келеді. Алдағы сапарға тоқталсақ, менің ойымша, Алматыда өтетін форумның маңызы жоғары болмақ. Жиында қазақ-француз университеттерінің лекторлары болады, тиісінше бұл білім саласына серпін береді. Былтыр дәл осындай форум Мемлекет басшысының Францияға сапары кезінде өтеді.