Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы және ИЫҰ саммитіне қатысты
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Араб мемлекеттері лигасы және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының кезектен тыс саммиті өтті.
Саммитке Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Мұрат Нұртілеу қатысты. Ол Таяу Шығыстағы қақтығыс құрбанына айналған бейбіт тұрғындардың жағдайына алаңдаушылық білдірді. Жиында сөйлеген сөзінде Палестина мемлекетінің заңды құқықтарын толық қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ Египет билігінің Газа азаматтарына медициналық және гуманитаралық көмек жеткізу үшін дәліз ашу туралы шешімін жоғары бағалады. Қазақстан Палестинаға жәрдемдесу ниетімен бір миллион АҚШ доллар қаржылай көмек бөлген еді. Бұдан бөлек қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр", - деді Сыртқы істер министрі.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
"Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырады. Қазір 150-ге тарта отандасымыз шабуыл шекарасынан өте алмай отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қақтығыс алаңында қалған бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырамын. Тек Таяу Шығыста ғана емес, әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін батыл шешімдер қабылдануы тиіс.