Мемлекет басшысы Албания Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Албания Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі. «Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.