Қ.Тоқаев Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Клаус Йоханниске жеделхат жолдап, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан елдің ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы қос ел арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келетінін жазды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ықпалдастық келешекте де табысқа толы болатынына кәміл сенім білдірді.